2023 жылдың 16-17 наурызында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде магистранттар мен студенттер арасында «Бөкетов оқулары – 2023» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, оған «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары белсене қатысты.
Конференцияның мақсаты – жаратылыстану, гуманитарлық, педагогикалық, әлеуметтік және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылау болды. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұжымы «7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары Л.Ә. Бисолтан, Г.Ж. Сейтенованы және ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Н. Шаяхметованы магистранттар мен студенттер арасындағы «Бөкетов оқулары – 2023» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясында «Жұмыстың практикалық маңызы» номинациясында ІІ деңгейлі дипломмен құттықтап, нәтижелі идеялардың көп болу тілегін білдіреді!!!