ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҮЗДІК 10 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Әлемдік білім рейтингтеріне ену-жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінің жыл сайынғы саралануын QS халықаралық рейтингтік агенттігі (Quacquarelli Symonds) жүргізеді.

QS Asia рейтингіне кіретін жоғары оқу орындарының ішінде Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдердің 800-ден астам мықты университеттері бар. 2023 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өз позициясын нығайтып, 206-орынды иеленді (анықтама үшін: өткен жылы біздің ЖОО 235-орынды иеленді).

Осы беделді рейтингке енген 34 қазақстандық университеттердің ішінде біздің ЖОО үздік 10-дыққа кірді! Университет ұжымын әлемдік деңгейдегі агенттіктің берген жоғары бағасымен құттықтаймыз!