ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Дина Огаймен Buketov Open Talks

Экономика және биология-география факультеттерінде Қазақстандағы @HelloEcoKZ – 1-ші "zero waste" дүкенінің негізін қалаушысы және бас директоры, FCCA кәсіби аудиторы, экокеңесші және экоблогер Дина Огаймен бірге Buketov Open Talks өтті.

Спикер "zero waste" тұжырымдамасының 5R, 7R негізгі қағидаттары, "HelloEco" экожобасы, оның құрылу тарихы, масштабтау және одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Спикерге қалдықтарды қайта өңдеуге, циркулярлы экономика, экологиялық саясат және т. б. қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тығыз және нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және спикерге денсаулық, шығармашылық табыс және республикамыздың тұрақты дамуы қызметінде сарқылмас қуат тілейді!

www.buketov.edu.kz