ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Педагогика факультетіндегі «Элита вкуса» қайырымдылық жәрмеңкесі

Қазан айының жетінші жұлдызында, қасиетті жұма күні факультетімізде «Элита вкуса» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылар Әукен А.О., Бакирова И.Д., Сафарова Н.Б. және БОПмӘ мамандығының 2,3,4 курс білім алушылары, әрі «Мейірім» еріктілер клубының мүшелігіндегі білім алушылар. Әр үзілісте тамаша ән, би, күй сияқты жастардың өнеріне тәнті ете отырып, шын жүректен дайындалған тәтті-дәмділерді сатып алу мүмкіндігіне факультет оқытушылары мен білім алушылары, т.б. ие болды. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.