ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ректордың атынан Алғыс хаттар табысталды

2021-2022 оқы жылы көлемінде университеттің PR-коммуникациялық саясатын және кәсіби бағдардағы жұмыстарын жүргізуге тұрақты түрде қатысып, белсенділік танытқандары үшін 22 қызметкерлер мен оқытушыларға және де 7 білім алушыларға Қарағанды Бөкетов университеті Басқарма төрағасы-ректордың атынан Алғыс хаттар табысталды. Ағымдағы оқу жылы университетімізге республиканың барлық аймақтарынан 4108 талапкер оқуға түсіп, осы жылы оқу бітіріп кеткен 3640 адамға қарағанда 468 талапкерге артық болған. Осы жұмыс тобының соңғы екі жылда жүргізген кәсіптік бағдардағы іс-шараларының нәтижесі ретінде - 8699 талапкер (2021 жылы - 4591 адам, 2022 жылы - 4108 адам) Karaganda Buketov University оқу ордасын таңдап, білім алуда.