Жоғары оқу орны басшылығы атынан белгісіз нөмірлерден алаяқтардың қоңырау шалу жағдайлары жалғасуда. Осындай хабарламалар келіп түскен жағдайда жоғары басшылыққа және факультет декандарына дереу хабарлау қажет.
Сонымен қатар, университет ғимараттарында курьерлік қызметтерді пайдалана отырып, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді алуға тыйым салынады.
Жұмыс орнында, тұрғылықты жеріңізде сыртқы түрі жарылғыш құрылғыларға ұқсайтын күдікті заттар табылған жағдайда, алғашқы іс-қимыл алгоритмін сақтай отырып, полицияға және ЖОО басшылығына дереу хабарлауыңызды өтінеміз: затты жылжытпаңыз, күдікті затқа жақын жерде мобильді және басқа радио құралдарын пайдаланбаңыз, кіруді шектеңіз, қауіпсіз қашықтыққа шегініңіз, полиция департаментінің жарылғыш заттар технигін күтіңіз!