Құрметті оқытушылар, магистранттар, студенттер мен практикалық психологтар!
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасы сіздерді университеттің 50 жылдығына арналған жыл сайын өтетін «С. Балаубаев оқулары– 14» аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады, өту уақыты 30 сәуір 2022 ж. сағат 10.00.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Жас ерекшелік психологиясының аспектілері.
2. Отбасы қатынастарының психологиясы.
3. Медициналық психологияның мәселелері.
4. Психологиялық білімнің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.
5. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері (өзге мамандықтарға арналған).
6. Психологиядағы практикалық зерттеулер (докторанттар, магистранттар үшін).
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.
Қатысу формасы-онлайн, оффлайн.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға электронды мақалалар жинағы дайындалып жіберіледі.
Материалдар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайында 2022 ж. 20 сәуіріне дейін қабылданады: konfer25let@mail.ru.
Ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Мұқанов к.,1, №8 ғимаратының, 317 (психология кафедрасы).
Сіздің қатысуыңызға қуанышты боламыз!