Студенттер сарайында Жайдарман факультетаралық лигасының «Бөкетов лигасы» жартылай финалдық ойыны өтті.Ақтық сынға жолдама алу үшін сахнаға университеттің 8 жарқын әрі креативті командасы шықты. Құзыретті қазылар алқасы әр қойылымды мұқият қадағалап, тапқырлық, шеберлік пен материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігіне баға берді.Ұзақ және қызу тартыстардан кейін нәтижелер жарияланды: бес тапқыр әрі талантты команда финалға өтті. Алда жаңа әзілдер, жаңа қойылымдар мен чемпиондық атақ үшін күрес күтіп тұр.