ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Біліктілікті арттыру курстары

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-факультетінде қосымша білім беру факультетінің қолдауымен 15.01.2024ж.-27.01.2024ж. аралығында келесі бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары апробациядан өткізілуде: • «Дуальды білім беру бағдарламаларының дизайны»; • «Дуальды оқытудағы заманауи білім беру технологиялары»; • «Корпоративтік оқытудың жаңа нысандарын интеграциялау жағдайында дуальды оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері».

Біліктілікті арттыру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (Грант № AP19679248) қаржыландыратын зерттеулер шеңберінде әзірленді.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен қаржыландыратын зерттеулер шеңберінде (Грант № AP19679248), сондай-ақ Еуропалық комиссия қаржыландыратын Erasmus+ бағдарламасының KazDual жобасы аясында алынған білім мен тәжірибе негізінде әзірленді. Біліктілікті арттыру бағдарламаларының мазмұны мына мәселелерді қарастыруды көздейді: дуальды оқыту жүйесінің әдістемелік негіздері, инженерлік пәндерді оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері, дуальды білім беру бағдарламаларын жобалау, кәсіпорындар/компаниялар және университеттер/колледждер арасындағы ынтымақтастықтың мотивациялық аспектілері, кәсіптік оқытудың теориялық және практикалық кезеңдерінде студенттердің жетістіктерін бағалау жүйесі; білім берудегі педагогикалық инновациялар, қазіргі заманғы кәсіпорындар жағдайында тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру үшін инженерлік және жаратылыстану мамандарын корпоративтік дайындаудың тұжырымдамалық негіздері; тәлімгер-зерттеушінің кәсіби біліктілігін арттыру әдістемесі және т.б. Біліктілікті арттыру бағдарламаларына компаниялар мен кәсіпорындардың 25 қызметкері қатысуда, оның ішінде «Қазтелерадио» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ЭНЕРГОСЕРВИС-ЛТД» ЖШС, Қарағанды Энергоцентр ЖЭО-3, ЖШС «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «ASTEL» АҚ, «Борусан Макина Казахстан» ШӨ ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Cleverest Technologies» ЖШС, «КӘАҚҚ Республикалық орталық штабы» Қарағанды филиалы, «Sergek Technologies LTD» ЖК, «ВЕГА-ПРО» ЖШС. Сонымен қатар жоғары оқу орындары және колледждердің 44 оқытушылары, соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Е.А. Бөкетов атындағы КарУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ, Жұмабек Тәшенев атындағы Университеті, Қарағанды технологиялар және сервис колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі.