ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты

«Жарқын» халықтық би ансамблі Қарағанды облысы өнерпаздары қатарында 6—8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті. Студенттік әуесқой өнерпаз аруларымыз облыстық және республикалық дәрежедегі кәсіби өнерпаздармен терезесі тең болып өнер көрсетіп, еліміз үшін, руханиятымыз үшін аса маңызды шараның ортасында көркем түрде көріне біліп, Университет шығармашылығының жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдей білді. Ансамбль жетекшісі Айман Нұрланқызы біліктілігі мен кәсіби шеберлігін танытып, асқан жанашырлықпен студенттерден құралған ансамбльді атаулы шараға жетелеп апарып келді. «Жарқын» халықтық би ансамбліне, жетекшісі, хореграф маман Айман Тойболдинаға ерекше алғыс білдіреміз.