ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Анонс

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде 21 қарашадан 26 желтоқсанға дейін онлайн форматта Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) Сочи институтының (филиалының) тарих-филология факультетінің деканы (Сочи қ., Ресей), педагогика ғылымдарының докторы, доцент Светлана Юрьевна Новоселованың «Білім беру теориясының құрылымдық элементі ретінде педагог және педагогикалық қызмет моделі» тақырыбында (72 сағат көлемінде) қонақ дәрістер курсын өткізу жоспарлануда.

Курстың мақсаты - пәндік салаларды, жаңа педагогикалық зерттеулердің логикасы мен дизайнын әзірлеу үшін педагогикалық ой мен білім беру практикасын дамыту жағдайында педагогтің заманауи моделі туралы идеяларды қалыптастыру; педагогикалық ойлаудың тұжырымдамалық аппаратын, педагогикалық шындықтың теориялық модельдерін құру тәжірибесін дамыту.

Курсты игеру нәтижесінде тыңдаушылар келесі нәтижелерге қол жеткізеді: - педагогикалық іс-әрекеттің негізі және адамның мәдениеті мен тұтастығын қайта жаңғыртудың басты тетігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің табиғаты, негізгі түсініктер, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің даму тенденциялары туралы білім; - педагогиканың заманауи жетістіктерін білім беру процесіне бейімдеу және түсіндіру, ғылыми-педагогикалық білімнің даму тенденцияларын талдау, білім туралы ғылымдар саласында теориялық өнімдерді құрудың перспективалық жолдарын құрастыру және іске асыру қабілеті; - білім берудің заманауи теориялары мен тәжірибелеріндегі инновациялық үрдістерді ескере отырып, кәсіби өзін-өзі дамытуын ұйымдастыру тәжірибесі.

Курс дәріс сабақтарынан басқа, тыңдаушылардың курс материалдарымен өзіндік жұмысын қамтиды.

Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз