2022 жылғы 24-25 қарашада Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде биология-география, тарих, педагогика, филология, философия және психология факультеттерінің 8 білім беру бағдарламалары аккредиттеуден сәтті өтті.
KBU үшін аккредиттеуді алғаш рет "ARQA" білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізді. Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар, Қарағанды өңірінің жұмыс берушілері мен студенттерінің өкілдері болды.
Аккредиттеу шеңберінде сарапшылар профессорлар мен оқытушылар құрамымен, студенттермен, түлектермен және жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының серіктестерімен кездесіп, дәріс және практикалық сабақтарға қатысып, практика базаларына барды.
Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері мен басшыларына алғысын білдіреді!