2022 жылғы 11-12 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде физико-техникалық, химия, биология-география, экономика мен заң факультеттерінің 12 білім беру бағдарламаларын жоспарлы аккредиттеу жүзеге асырылады.
Аккредиттеуді Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі/БСҚТА жүзеге асырады. Комиссия құрамына ұлттық және халықаралық сарапшылар, жұмыс берушілер мен Қарағанды облысының студенттерінің өкілдері кіреді.