2023 жылы (күз мезгілі) «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Біздің ЖОО академиялық ұтқырлық екі негізгі бағыт бойынша іске асырылады: қазақстандық ЖОО-серіктестер (ішкі) және шетелдік ЖОО оқу (сыртқы, шетелдік) оқу. Ұтқырлық бағдарламалары бір семестр бойы ЖОО-серіктестер арасындағы шарттардың аясында іске асырылады. Академиялық ұтқырлық студенттер, магистранттарға Қазақстанның әртүрлі қалаларында және шетелде өмір сүруге, оқуға, жұмыс істеуге, тағылымдамадан өтуге, басқа мәдениетті тануға, әртүрлі қалалар, елдер, континенттерден жора-жолдас, достарды табуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу біздің студенттерге және магистранттарға шетел тілін игеру деңгейін жақсартуға, теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды тереңдетуге, елді жақсы тануға, қазақстандық және шетелдік қатарластармен танысуға мүмкіндік береді.