2024 жылдың 30-шы мамырында Шэньян педагогикалық университетінде 8 мамыр мен 28 мамыр аралығында тағылымдамадан өткен академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 15 жас ғалымдары мен Басқарма төрағасы-ректор арасында кездесу өтті. Тағылымдамадан өткендер Қытай университетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысынан алған әсерлерімен бөлісіп, жоспарланған іс-шаралар туралы әңгімеледі. Тағылымдама нәтижесінде ғылыми мақалаларды бірлесіп дайындау, факультеттер/институттар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер, екі университеттің студенттерін орыс және қытай тілінде оқыту, оқытушылардың қонақ дәрістері мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері келісілді.