26.09.2024 жылы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Ғылыми кеңесінде философия докторы (PhD) дәрежесін тағайындау туралы дипломдар салтанатты түрде табыс етілді, оның ішінде Абылайхан Салтанат Мұратханқызына (8D01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) табысталды, өз кезегінде ол «Қазақстанда рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру шарты ретінде» тақырыбындағы АР14870561 гранттық қаржыландыру жобасының нәтижелерінің бірі болып табылады. Педагогика факультетінің ұжымы Абылайхан Салтанат Мұратханқызын және ғылыми кеңесшілер Я. Данек пен Ж.А. Карманованы ғылыми мақсатқа жетулерімен шын жүректен құттықтайды және қазақстандық ғылымды ілгерілетуде одан әрі табыстар тілейді!