2024 жылғы 21 қарашада ректор Н. О. Дулатбеков бастаған Karaganda Buketov University делегациясы «Манас» Қырғыз-Түрік университетіне барды.
Сапар аясында академиялық ынтымақтастық және білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылай отырып, университет басшылығымен кездесу өтті.
Қарағанды университеті мен Орталық Азияның бірқатар жетекші оқу орындары: «Манас» Қырғыз-Түрік университеті, ОШ мемлекеттік университеті және Наманган мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюға ерекше назар аударылды. Бұл келісімдер ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын құру саласында өзара іс-қимыл жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Түркітану, мәдениеттану және дінтану бағыттары бойынша Қырғыз-Түрік «Манас» университетімен қос дипломды бағдарламаны ұйымдастыру перспективалары жеке талқыланды. Бұл бастаманы жүзеге асыру екі жақтың студенттеріне білім беру көкжиегін кеңейте отырып, академиялық және ғылыми алмасуға қатысуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер барысында студенттік алмасуды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді: «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің 15 студенті академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне барады. Өз кезегінде, Buketov University-нің 15 студенті http://xn-80aqokpm.kz/ жоба аясында елдің киелі жерлеріне бару үшін Қырғызстанға барады.
Сонымен қатар, кездесуде оқытушылармен алмасу мүмкіндіктері, сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылды. Бұл қадамдар Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттері арасындағы білім беру және мәдени байланыстар шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.