ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

20.09.2024 жылы "Бөкетов түлектері" жобасы аясында 1990 жылғы түлек Жанкина Мариям Құрмашқызымен кездесу өтті. Ол Астана қаласы, "Жұлдыз медициналық-оңалту орталығы" ЖШС басшысы болып табылады.

Мариям Құрмашқызы өзінің кәсіби жолымен және алған білімі оған мамандардың бірегей командасын құруға қалай көмектескенімен бөлісті. Орталықта әр пациентке жеке көзқарасқа ерекше назар аударылады және Мариям Курмашқызының командасы оңалтудың инновациялық әдістерін сәтті еңгізіп жатқанын мақтан тұтады. Оның адамдарға көмектесуге деген шынайы ықыласы және оның жұмысы туралы айтқан шабыты студенттерге үлкен әсер қалдырды. Бұл кездесу білім берудің өмір сапасына қалай әсер ететіндігінің және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа көкжиектер ашатынының жарқын мысалы болды.