ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бүгін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Қабылдау 25-ші тамызға дейін жалғасады

Бүгін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Қабылдау 25-ші тамызға дейін жалғасады.

Университет қабылдауы 185 білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

  • 99 бакалавриат бағдарламасы;
  • ⁠67 магистратура бағдарламасы;
  • 19 докторантура бағдарламасы.

Білім беру бағдарламалары білікті жұмысшы кадрлар мен мамандар даярлауға бағытталған:

  • педагогикалық ғылымдар;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар;
  • әлеуметтік ғылымдар; журналистика және ақпарат;
  • ⁠бизнес, басқару және құқық;
  • ⁠жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
  • ⁠ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • ⁠инженерлік өңдеу және құрылыс салалары;
  • қызметтер.

Шығармашылық емтихандарға өтінім қабылдау (грант конкурсына қатысу үшін) — 20 маусымнан 7 шілде аралығы, ал емтихандар 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихандарға өтінім қабылдау (ақылы бөлім үшін) — 14 шілде мен 9 тамыз аралығында өткізіледі, ал емтихандар 10-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Білім беру гранттарының конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі — 13-20 шілде аралығы.