06.05.2024 ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен 15 жас ғалым Шэньян педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Қатысушылар Шэньян қаласына жетіп, Қытай тарапы Қазақстаннан келген қонақтарды жылы қарсы алды. Қарсы алушы тарап тағылымдама қатысушыларын тегін жатақханамен қамтамасыз етті.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жас ғалымдары сапарының бірінші аптасы өтті. Халықаралық алмасу және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Чжан мырзамен, халықаралық алмасу және ынтымақтастық департаментінің басшысының орынбасары Ван ханыммен, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (физика және технология колледжі, экология және катализ институты, заң мектебі, спорт колледжі, өмір туралы ғылымдар колледжі, soft ware college және т.б.) басшыларымен кездесу өтті. Кездесуді қорытындылайтын болсақ, ғылыми қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша топтар құрылып, әрбір қатысушы бойынша тағылымдамадын өтудің мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Әрбір жас ғалымның жұмыс кестесі жасалып, бекітіліп,күтілетін нәтижелер анықталды.
Естеріңізге сала кететін болсақ, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен 15 жас ғалым «бір-біріне 5 қадам» атты ынтымақтастық бағдарламасы аясында 2024 жылдың 8 мамыры мен 28 мамыры аралығында Шэньян педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадын өтуге сертификат алған болатын.