ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

10 қазанда Қарағанды Бөкетов зерттеу университетіне «JEL DALA» ЖШС делегациясы келді.

Кәсіпорын Қарағанды облысында "Сарыарқа" АЭА аумағында жел энергетикалық қондырғылар мен олардың компоненттерін өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандығымен танымал. Жоғарыда аталған жобаны іске асыруды кәсіпорын қытайлық "CRRC Corporation Limited" компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады, ол әлемдік өндірушілер арасында төртінші және Қытай өндірушілері арасында үшінші орында тұрған ірі қуаттылықтағы жел энергетикалық қондырғыларын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Бұл ретте "CRRC Corporation Limited" компаниясы әлемдік көшбасшы болып табылады және әлемде жүрдек пойыздар өндірісі бойынша бірінші орынды алады. Делегация өкілдері физика-техникалық факультетке, Buketov University Технопаркіне барып, өндірісті ұйымдастыру және технологиялар трансферті бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа, жоспарланған өндірістің тұсаукесері және кадрларды даярлау, ғылыми іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобаны іске асыру шеңберінде сынақ зертханаларын құру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау өтті.