2025 жылғы 8 қаңтардан бастап бір ай бойы шетел тілдері факультетінің деканы, профессор Тлеужанова Г.К. жетекшілігімен 15 оқытушы Самарқан мемлекеттік шет тілдер институтында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бұл тағылымдама ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылған. Осы тағылымдама барысында оқытушылар шетел тілдерін оқыту әдістері мен білім алмасу тәжірибесін меңгеріп, тілдік білім беру, ғылыми жұмыс және зерттеу саласындағы заманауи тәсілдермен танысады. Тағылымдама бағдарламасы дәрістерді, семинарларды, шеберлік сабақтары мен практикалық сабақтарды қамтиды, бұл қатысушылардың біліктілігін арттыруға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Бұл тағылымдама оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдері факультетінде білім беру үдерісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.