Қарағанды Бөкетов университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында жыл сайынғы ректор кубогы үшін «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы басталды. Спартакиаданың алғашқы күні қызықты шахмат турнирлерімен есте қалды. Қатысушылар шахмат ойнау шыдамдылықты, тапқырлық пен айлакерлікті қажет ететін нағыз өнер екенін дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды дене шынықтыру және спорт факультетінің командасы, екінші орынды физика-техникалық факультетінің командасы, үшінші орынды математика және ақпараттық технологиялар факультеті иеленді. Ерлер арасында философия және психология факультетінің командасы жеңіске жеткен болса, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы екінші, тарих факультеті үшінші орынға табан тіреді. Шахмат турнирі спорттық жарыстың бастамасы ғана! Алда әлі талай спорт түрлерінен қызықты сайыстар күтуде. Кестені қадағалап, спорт жанкүйерлері қатарына қосылыңыздар!