Қазақ әдебиетінің маңдайына біткен біртуар тұлға, көрнекті жазушы, ұлттық руханиятымыздың шырақшысы Мұхтар Мағауиннің дүниеден озғаны туралы суыт хабарды ауыр қабылдадық. Мұхтар Мағауин өзінің шығармашылығымен ғана емес, ұлттың рухани қазынасын қорғауға арналған қайраткерлік қызметімен де халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Мұхтар Мағауин Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ғалымдарын жоғары бағалап, олардың еңбегіне ерекше құрмет білдірген еді. Өшпес мұра қалдырған ұлы жазушының отбасы мен жақындарына, барша қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын!