ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы
мемориалдық мұражай


Университеттің алғашқы ректоры, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мұражайы бар. Мұражай 1992 жылы құрылған. Оның экспозициялық ауданы 324 шаршы метрді құрайды.

Мұражайды философия докторы, доцент Ильясов Шамиль Амангельдыевич басқарады.

Мұражай экспозициясы Е.А. Бөкетов жұмыс істеген жағдайды, оның жеке заттарын, жұмыс кабинетіндегі заттарды бейнелейді. Мұражайға келушілер Бөкетов уақытының рухын, Евней Арыстанұлы университеттің стратегиялық даму жоспарларын құрып, ғылыми еңбектер жазған, өлең шығарып, армандаған кабинетінің шығармашылық атмосферасын сезіне алады.


Фотосуреттерді қарау

Мұражай сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Гоголь к-сі, 38, тарих факультетінің оқу корпусы тел.: +7 7212 51- 38- 46
№ 04, 07, 7, 43, 53 автобустарымен «Боулинг», «Медициналық университет», «№ 2 нан зауыты» аялдамаларына дейін жүру